Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Редактор
25 янв. 2025 г., 22:17
Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алматы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Дана Орманбаеваға қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сот «Қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды, делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, қазір Дана Орманбаева басқа елде тұрып жатыр. 2024 жылдың сәуірінде оның Instagram-дағы парақшасында басқа біреудің атына әдепсіз сөздер жазып жариялағанына байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.