Жүрген қызын көшеде сүйреген жігіт жазадан құтылып кетті

Редактор
16 нояб. 2024 г., 23:19
Жүрген қызын көшеде сүйреген жігіт жазадан құтылып кетті

Қызылорда облысында сөз байласып жүрген қызын аяғынан теуіп құлатып, көшеде киімінен тартып сүйреген жігітке қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оқиға биылғы жылдың 15 қазанында сағат 15.00 шамасында болған. Аудан орталығы - Шиелі кентінде жігіт бірнеше жылдан бері сөз байласып жүрген жәбірленуші қызға күш қолданған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

 Оны жұлқылап, жерге құлатып, аяғынан тепкен.

«Тас жолдың үстіне киімінен тартып сүйреп, оған қатысты тән ауруына ұшыратқан. Бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу әрекетін жасаған. Сотталушы әрекетін толығымен мойындап, жәбірленушімен татуласуына байланысты істі өндірістен тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші бұл сөзді растады. Аудандық соттың қаулысымен ҚР Қылмыстық Кодекесінің 109-1-бабы 1-бөлігімен сотталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды», - деп мәлім етті Шиелі аудандық сотынан.