Жомарт кенішіндегі апаттың себебі белгілі болды

Редактор
19 февр. 2025 г., 16:21
Жомарт кенішіндегі апаттың себебі белгілі болды

Алдын-ала дерек бойынша, жеті адамның өмірін қиған апатқа табиғи газ жарылысы себеп болған. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

«Үкіметтік комиссия аварияға қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Алдын ала деректер бойынша шахтада табиғи газ жарылған. Комиссия мүшелерімен бірлесіп, авария болған жерді қарап, қаза тапқандардың отбасыларымен кездестім. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі арнайы кіші комиссия құрылды. Оның бірі аварияның туындау себебін, екіншісі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтауы тиіс. Осы екі комиссия өз жұмыстарын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет,- дейді ол.

Бозымбаев шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылғанын атап өтті.

«Қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіліп жатыр. "Қазақмыс" жерлеу рәсімін өтеп, олардың жылдық орташа жалақысының 10 еселенген төлемін, балалардың оқу ақысы мен алған несиелерін өтейді. Кеншілердің отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы мен асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік өтемақы тағайындалады. Жерлеуге арналған өтемақы төленеді. Тергеу нәтижелері комиссия жұмысы аяқталған соң ұсынылады»,- деді Қанат Бозымбаев.