Жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жарияланды

Редактор
4 февр. 2025 г., 18:00
Жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жарияланды

Премьер-Министр әкімдерге жол салуға арналған жер телімдерінің қолданыс мақсатын өзгертуге мораторий жариялауды тапсырды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алдағы уақытта жобалардың қымбаттап, мерзімдердің созылып кетуіне жол бермеу үшін барлық дайындық жұмыстарын ерте бастап жүргізу керек. Әкімдіктерге болашақ жобаларға арналған жерлерді резервке қойып, ол телімдерді беруге және нысаналы мақсаттарын өзгертуге мораторий жариялауды тапсырамын, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы осы мақсатта тиісті министрліктерге арнайы тапсырма жүктеді. Ол үшін өнеркәсіп министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, автожол жобаларына тартылған карьерлердің құжаттарын рәсімдеу қажет.