Алматы облысында тікұшақты іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери тікұшақ құлады деген аймақта екінші адамның денесі табылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
"EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шараларының жалғасуы барысында екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, іздеу жұмыстары Қорғаныс министрлігінің, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралдарын жұмылдыра отырып, тәулік бойы іске асырылып жатыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде әлеуметтік желіде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Тікұшақ Луговой елді мекенінен ұшып шыққаннан кейін онымен Отар аумағында байланыс үзілген.