Жетісу облысында жасөспірімді бетон қабырға басып қалды (ВИДЕО)

Редактор
31.03.2025, 15:50
Жетісу облысында жасөспірімді бетон қабырға басып қалды (ВИДЕО)
Бала қараусыз қалған ғимаратта жүрген

ТЖМ қызметкерлері қараусыз қалған ғимаратта зардап шеккен жасөспірімге көмектесті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, оқыс оқиға Жетісу облысы Сарыөзек ауылында болған. 15 жастағы жасөспірім қараусыз қалған ғимаратта достарымен жүріп, оның үстіне бетон плитасы құлаған.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, құтқару зембілі мен сатының көмегімен жасөспірімді жерге түсіріп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін «103» қызметінің қызметкерлеріне тапсырды, – делінген хабарламада.