Жетісу облысында бірнеше адамды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Редактор
11 янв. 2025 г., 00:36
Жетісу облысында бірнеше адамды қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Жетісу облысында жол жиегінде тұрған бірнеше адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Ескелді би көшесінде болған. Аталған азамат жолдың жиегінде тұрған жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Полиция қызметкерлері оқиға туралы хабар алған бойда іздеу жұмыстарын бастап, жедел әрекет ету нәтижесінде Toyota автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.