Жетісу облысында балаларды қорғау мақсатында тыйым салынған сайттар бұғатталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйкес, Көксу ауданындағы 7 мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетінде тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұл сайттар бұғатталған. 7 мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.