«Жетісу» футбол клубы директоры сотталды

Редактор
06.03.2025, 16:12
«Жетісу» футбол клубы директоры сотталды
Үкім заңды күшіне енді

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Антикор мәліметінше, ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.

Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.