Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін жасанды құрылыстарға еш зақым келген жоқ. Бұл туралы «Қазавтожол» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты жолшылар ықтималды әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты.
Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарындағы 5 жол айрығы, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпір егжей-тегжейлі тексеріліп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізілді, – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бүгін түнде Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.