Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жамбыл облысына ведомствоаралық жұмыстарды үйлестіру үшін ТЖМ жедел тобы жіберілді. Сонымен қатар құтқарушылар есептоптары мен арнайы техника сейсмикалық қауіпті елдімекендеріне көшірілді.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, Меркі және Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінен кейін 14 әлеуметтік нысанға зақым келген. Оның ішінде 9 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар.
Еске сала кетсек, кеше Жамбыл облысының бірқатар ауданында жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуі Меркі ауданында 5 балл, Т.Рысқұлов ауданында 4 балл болса, Тараз қаласында 2 балдық дүмпу тіркелген. Жер сілкінісі 15:56-да қайта сезілді.