«Жасөспірім қыздарын лаңкестерге күйеуге бермек болған»: Сирияға баруға үгіттеген әйел сотталды

Редактор
24.04.2025, 15:50
«Жасөспірім қыздарын лаңкестерге күйеуге бермек болған»: Сирияға баруға үгіттеген әйел сотталды
Ол Алматы әуежайының аумағында ұсталды

Терроризмді насихаттаған әйел 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Прокуратура ақпаратына сәйкес, елорда тұрғыны Telegram желісі арқылы терроризмді насиғаттауға бағытталған материалдар мен идеологияларды таратып, Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған.

Әйел полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшпақ болған жерінен ұсталды.

Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.