"Жасанды интеллект туралы" заңының жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өзгертілген контентті таңбалауды міндеттейтін нормалары күшіне енді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Аталған Заңның 21-бабына сәйкес жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өзгертілген және шынайы оқиғаларды имитациялайтын суреттерді, бейнематериалдарды, аудиожазбаларды және мәтіндерді тарату аудиторияға арнайы таңбалау мен ескерту болған жағдайда ғана рұқсат етіледі:
Контентті таңбаламау жасанды интеллект саласындағы реттеудің негізгі қағидаттарына - ашықтық пен жауапкершілікке қайшы келеді;
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы таңбаланбаған жасанды интеллект контенті, әсіресе қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптарда, манипуляциялар, жалған ақпарат және дипфейктердің таралу қаупін арттыратынына назар аударады.
Осыған байланысты орталық БАҚ өкілдерін, блогерлерді және цифрлық платформалардың әкімшілерін генеративті жасанды интеллект технологияларын қолдану кезінде жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын сақтауға шақырады.