Желіде «Қайрат» - «Реал Мадрид» кездесуіне кіре алмаған жанкүйерлерге байланысты жағдай кеңінен талқылануда. Бұл ойын алыпсатарлар мен жалған билеттер мәселесін әлі де өзекті екенін айқын көрсетті. Бұл туралы Freedom Ticketon компаниясының коммуникациялар департаментінің директоры Азамат Атагелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, шынайы жанкүйерлер мұндай әділетсіздіктің құрбаны болмауы керек.
«Сондай-ақ мәдениет мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Билетсіз келген адамдар стадионға асыққан өзге жанкүйерлердің жолын бөгеуі – үлкен құрметсіздік Freedom Ticketon әрбір жағдайды жіті саралап, тәжірибе мектебі ретінде қабылдап, сервисті үздіксіз жетілдіріп келеді. Басты мақсатымыз – жанкүйерлерге қауіпсіз де ыңғайлы жағдай жасау. ФК «Қайратқа» айрықша ризашылығымызды білдіреміз. Команда әлемдік деңгейдегі ең мықты клубтардың бірімен иық тірестіре ойнап, жанкүйерлерге ұмытылмас әсер мен мақтаныш сезімін сыйлады», деді Freedom Ticketon компаниясының коммуникациялар департаментінің директоры Азамат Атагелдиев.
Сонымен қатар ол осындай тарихи матчтар еліміздің спорттық жылнамасына алтын әріптермен жазылып, болашақ ұрпаққа шабыт беретініне сенетінін атап өтті.