Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын Астанада қорғайды

Редактор
6 февр. 2025 г., 16:37
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын Астанада қорғайды

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті жекпе-жегі Астанада өтетін болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Top Rank промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлының міндеті қарсыласы франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) болмақ.

Екеуі де чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

"Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік, - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында.