Жанармай бекетіндегі шабуыл: жәбірленуші өзін қорғауды сұрады

Редактор
16.04.2025, 16:41
Жанармай бекетіндегі шабуыл: жәбірленуші өзін қорғауды сұрады
Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр
Жамбыл облысының Меркі ауданында жанармай құю бекетінде шетелдікті пышақтауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасына берілді. Оқиғаны жан-жақты зерттеу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері өңірге жіберілді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция тарапынан күзет қойылды.

Істің тергелуі ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің жеке бақылауында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысының Мерке ауданында жанармай құю бекетінде Ресей азаматына пышақпен шабуылдаған күдікті ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.