Кадрларда бір қыздың екіншісіне бірнеше соққы жасап, тұншықтыру әдісін қолданғаны анық көрінеді. Куәгерлер қыздың спорттық дайындығы болуы мүмкін дейді.
Полиция мәліметінше, төбелеске қатысқан оқушылар мен олардың ата-аналары анықталып, бөлімшеге жеткізілген.
"Кәмелетке толмаған оқушылардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды, ал жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды", — деді ведомство өкілдері.