Жаңа туған нәрестеге екі күрделі ота жасалды

Редактор
29 янв. 2025 г., 17:25
Жаңа туған нәрестеге екі күрделі ота жасалды

Шымкент қалалық перинаталды орталығында жаңа туған қыз балаға екі күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, нәресте 2100 грамм салмақпен, ауыр жағдайда дүниеге келіп, қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған. Дәрігерлер сәбиге туа біткен жүрек ақауы, II дәрежелі жүрек жеткіліксіздігі, ойық жаралы некротикалық энтероколит және туа біткен ішек өтпеушілігі секілді бірнеше ауыр диагноз қойған.

Балалар хирургы мен кардиохирургтың қатысуымен сәбиге екі бірдей күрделі ота жасалды. 34 аптасында кесарь тілігі арқылы шала туылған нәрестеде жатырішілік инфекция және жаңа туған баланың гемолитикалық ауруы да анықталған. Қазір сәби неонаталды хирургия бөлімі мамандарының жіті бақылауында. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр, – делінген хабарламада.

Орталықта 2024 жылдан бері ішкі ағзаларының ақауымен туған 40-там аса сәбиге күрделі ота жасалған.