Жаңа оқу жылынан бастап мектептер жаңа ас мәзіріне өтеді

Редактор
6 февр. 2025 г., 22:27
Жаңа оқу жылынан бастап мектептер жаңа ас мәзіріне өтеді

 Жаңа оқу жылынан бастап мектептер жаңа ас мәзіріне өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов ведомствоның алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Вице-министрдің сөзінше, бұдан былай мектептің асханасында оқушыларға қандай тамақ берілетінін денсаулық сақтау саласының мамандары бекітпек.

Алғаш рет осындай шешім қабылданғалы жатыр. Мектептердегі тамақтандыру нормалары әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді. Осы стандарттың аясында бұдан былай мектептердің ас мәзірін денсаулық сақтау мамандары бекітеді. Бұл келесі оқу жылында, яғни, биылғы қыркүйек айынан бастап іске қосылады, - дейді.  Еділ Оспанов.

Айтунша, былтыр мектептердегі тамақтану нормалары қайта қаралған.  Қайта қарау кезінде тұз бен тәттілердің мөлшері азайтылған. Сондай-ақ, мектеп буфеттерінде бала денсаулығына зиянды заттардың, газдалған сусындардың сатылуына тыйым салынған.