Жаңа жылда неше күн демаламыз

Редактор
23 нояб. 2024 г., 18:00
Жаңа жылда неше күн демаламыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.  Аталған бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтындар 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.