Жамбыл облыстық полиция басшының орынбасары қамауға алынды

Редактор
10 февр. 2025 г., 17:00
Жамбыл облыстық полиция басшының орынбасары қамауға алынды

Жамбыл облысында полиция басшының орынбасары қамауға алындыдеп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, ол ауыр қылмысты бүркемелеп қалған. 

Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Аудан аумағында болған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу - қылмысты жасыру ретінде қаралды», деп хабарлады бас прокуратура. 
Күдікті ұсталды. Оған қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.