Бұған дейін желіден жоқ болып кеткен қазақ әншілерінің туындылары Instagram-да қайта пайда болды деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Instagram желісінде қолданушылардың ескі жазбаларында отандық орындаушылардың бұрын өшірілген әндері қайтарылып, аудиотректер қайта қолжетімді болды.
Қазақстан авторлар қоғамының өкілдері осыған орай Әділет министрлігінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізуге уәде берді.
Айта кетейік, америкалық Meta корпорациясының қызметтеріндегі қазақстандық музыкалық контент 2024 жылдың 27 қарашасынан бастап жоғалып кетті. Сондай-ақ пайдаланушылар отандық авторлардың музыкасын іздеу мүмкіндігінен айырылды. Содан кейін "Мета" олардың өкілдерінің "ҚазАҚ"-пен келісімге келе алмағанын, сондықтан осы авторлар қоғамының каталогындағы барлық музыка Instagram және Facebook-те өшірілгенін айтты.