«Имамның үйін» әшкерелеген адам 700 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Редактор
7 февр. 2025 г., 20:16
«Имамның үйін» әшкерелеген адам 700 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Әлеуметтік желіге имамның үйі туралы видео жариялаған адам ірі көлемде айыппұл арқалады.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратты деген айыппен видео авторына 707 760 теңге айыппұл салды, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

Соттың мәліметінше, құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған.

 Ол бейнероликті тек «көру үшін жариялағанын» айтып, үйдің нақты иесі мен оның қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін түсіндіріп, өкініш білдірді.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.