Әлеуметтік желіде "Астананың бас имамының үйі делінген" видеоның авторы табылды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайұлы желіде видеоны таратқан адамның халықтан кешірім сұрап отырған видеосын жариялады.
Шын мәнінде хан сарайына бергісіз бұл үй Астана қаласының имамы емес, басқа адамға тиесілі болып шықты. Нұрлан Лесбек есімді Астана тұрғыны жұрт арасында қызу талқыға түскен үйдің өзінікі екенін хабарлады.
"Мен - Нұрлан Лесбекұлы. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осы үй бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Ол - жалған ақпарат. Бұл үй - менің үйім. Осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын.", - дейді видеодағы адам.
Айтуынша, сарайға бергісіз үйді өз қолымен салған.