$ 487.73
 558.99
 6.63

ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады

Редактор
20.06.2026, 10:50
ІІМ
ІІМ
 Өңірлерде полиция сыныптарының алғашқы түлектерін салтанатты шығарып салу рәсімдері өтті. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заңға құрмет сезімін нығайтуға бағытталған «Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде еліміз бойынша 267 «Жас сақшы» сыныбы жұмыс істейді. Онда бес мыңнан астам оқушы білім алады. Бұл жоба қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылық танытып, елге қызмет етуге және құқық қорғау саласында еңбек етуді мақсат тұтатын белсенді жастарды бір ортаға біріктіреді.

Полиция сыныптарындағы оқу үдерісі оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, тәртібін, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға деген құрметін дамытуға ықпал етіп, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және жастар арасында полицей мамандығын насихаттауға ерекше назар аударылады.

2025–2026 оқу жылында жалпы саны 52 оқушыдан тұратын үш «Жас сақшы» сыныбының түлектері мектеп бітірді. Олар Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарында білім алуға ниетті. Бұл жоба ішкі істер органдары үшін кадрлық резерв қалыптастыруда өзінің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр.

Өңірлерде полиция сыныптарының алғашқы түлектерін салтанатты шығарып салу рәсімдері өтті. Алматы қаласында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов «Жас сақшы» сыныптарының түлектеріне сертификаттарды салтанатты түрде табыстап, олардың патриотизм мен құқықтық мәдениетті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Ақтөбе облысында полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев те бейіндік сынып түлектеріне сертификаттар табыстап, жастарды азаматтық жауапкершілік пен қоғамға қызмет ету рухында тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

«Жас сақшы» полиция сыныптарын дамыту Ішкі істер министрлігінің жастарды патриотизмге, заң мен құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған маңызды жұмыстарының бірі болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау