Продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейінгі жағдайын айтып, көпшілікке алғысын білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында операция алдында қатты қорыққанын жасырмады. Оның айтуынша, бұған дейін туыстарының наркоздан оянбай қалуы мен өттегі тасқа жасалған отадан кейінгі қайғылы жағдайлар әсер еткен.
"99 пайызының отасы сәтті шыққанымен, бірі дұрыс болмай жатады. Аллаға сансыз шүкірлер, сәтті өтті! Әуелі Алланың қалауы, екінші сіздердің дұғаларыңыз міндетті түрде Алланың құлағына шалынды. Рақмет жандарым сол!" – деп жазды ол.
Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова наркоздан кейінгі хәлін де баяндады. Ол өзін әлсіз сезініп жатқанын, бірақ дәрігерлер ота сәтті өткенін айтқанын жеткізді.
"Наркоздың күші жаймен тарап жатыр, көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, бір оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын, қазір әлсіздік. Бірақ өте сәтті болды. Дәрігер айтқандай өтім қалды, тас алынды. Жалғыз осы дәрігер өтті қалдырып ота жасайтын. Бәріңізді құшақтап, сүйдім!" – деді продюсер.