Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова екінші күйеуі, ғалым Серікбай Өрікбайұлының 70 жас мерейтойын сән-салтанатымен атап өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Өнер иесі айтулы кешке жақындары мен әріптестерін, өнердегі достарын жинаған. Мерейтойда қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары бой көрсетті.
Қонақтардың қатарында Мақпал Жүнісова, Жанболат пен Жазира, Ләйлә Сұлтанқызы, Қарақат Әбілдина сынды өнер иелері болған.
Кештен кадрлар әлеуметтік желіде жарияланып, көпшілік жылы лебізін білдірді.
“Гүлнұрдың жары Серікбай Өрікбайұлы 70 жасқа толды”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.