Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлады bairaqmedia.kz порталы.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді! Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр, - делінген хабарламада.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстап келеді.
Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.