FlyArystan әуе билеттерінің құнын заңсыз қымбаттатқан

Редактор
05.03.2025, 21:28
FlyArystan әуе билеттерінің құнын заңсыз қымбаттатқан
БҚДА компанияға заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдады

FlyArystan билет сату кезінде транзакция үшін комиссия алып отырған. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы Марат Омаров айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 
🗣️

«Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл «drip pricing» деп аталады, демек «тамшылап баға өсірген». Авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.

Қазіргі уақытта агенттік ішкі авиатасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізуде.