$ 491.37
 570.48
 6.78

Fitch Ratings агенттігі Ақтөбе облысына халықаралық кредиттік рейтинг берді

Редактор
16.06.2026, 21:27
Ақтөбе облысы әкімдігі
Ақтөбе облысы әкімдігі
 Ақтөбе облысы - өнеркәсіптік, табиғи ресурстық және инвестициялық әлеуеті жоғары, еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының бірі. 

Халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings Ақтөбе облысына «BBB-» деңгейінде тұрақты болжаммен ұзақмерзімді халықаралық кредиттік рейтингін, сондай-ақ «AA+(kaz)» деңгейінде ұзақмерзімді ұлттық рейтингін берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«BBB-» рейтингі Fitch халықаралық шкаласы бойынша инвестициялық деңгейге сәйкес келеді және өңірдің қаржылық міндеттемелерін уақытылы әрі толық көлемде орындау қабілетін көрсетеді. Ал «AA+(kaz)» ұлттық рейтингі облыстың қазақстандық эмитенттер арасындағы жоғары кредиттік қабілеттілігін айғақтайды.

Ақтөбе облысы - өнеркәсіптік, табиғи ресурстық және инвестициялық әлеуеті жоғары, еліміздің жетекші индустриялық орталықтарының бірі. Экономиканың әртараптандырылған құрылымы мен ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы өңірдің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына берік негіз қалыптастыруда.

Аталған кешенді шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту, инвестиция тарту және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

Халықаралық кредиттік рейтингтің болуы өңір инфрақұрылымын дамыту үшін бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін тарту мүмкіндігін кеңейтеді.

Болашақта бұл жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу мен қайта жаңғыртуға оң ықпал етуі мүмкін.

«Fitch халықаралық рейтингі – өңірдің қаржылық тұрақтылығына берілген тәуелсіз баға және Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетіне деген сенімнің айқын көрінісі. Бұл біз үшін атқарылған жұмыстың нәтижесі ғана емес, сонымен қатар инвестиция тартуға, жаңа жобаларды іске асыруға және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыруға қосымша мүмкіндік. Басты міндет – осы әлеуетті экономиканың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында тиімді пайдалану», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау