Ет, нарын және бауырсақ: Ұландықтар енді ұлттық тағамдармен тамақтанады

Редактор
31 янв. 2025 г., 21:26
Ет, нарын және бауырсақ: Ұландықтар енді ұлттық тағамдармен тамақтанады

Ұлттық ұландықтардың рационын бқдан былай ет, сірне, наурызкөже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар кіреді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген.

Әскери тамақтануға ұлттық тағамдарды енгізу — бұл аспаздық жаңалық қана емес, әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік рухын нығайту мен мәдени бірегейлігін сақтаудағы маңызды қадам», – деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин.

Калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.