Есірткі контрабандасымен айналысқан шетелдік ұсталды

Редактор
29 янв. 2025 г., 16:32
Есірткі контрабандасымен айналысқан шетелдік ұсталды

ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Алматы халықаралық әуежайында полицейлер 33 жастағы Сербия мен Түркия азаматын ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам Түркия Республикасының құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген. 

Анықталғандай, 2021 жылы күдікті басқа адамдармен бірге Ыстамбұлға теңіз арқылы "кокаин" есірткі затын жеткізуді ұйымдастырған, - делінген хабарламада. 

Қылмыскер екі елдің құқық қорғау органдарының тығыз халықаралық ынтымақтастығының нәтижесінде ұсталды.