Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Тиісті ақпарат Ақорданың ресми хабарламасында жарияланды.
Жарлық мәтінінде Ермек Сағымбаевтың қызметтен босатылғаны айтылған. Алайда мұндай шешімнің қабылдану себебі көрсетілмеген. Ермек Сағымбаев 2022 жылғы қаңтардан бері ҰҚК төрағасы қызметін атқарып келді. Бұған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметін басқарған. 2026 жылғы 24 тамызда Президент Жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалған болатын.
13 қарашада Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдап, ұлттық қауіпсіздік органдарының жұмысы жөніндегі есебін тыңдаған еді.