Ер адам ұрыларға өз туысының пәтерін тонауға көмектескен

Редактор
27 янв. 2025 г., 21:28
Ер адам ұрыларға өз туысының пәтерін тонауға көмектескен

Ақтөбеде ер адам ұрыларға өз туысының пәтерін тонауға көмектескен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаңтардың басында Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен ірі көлемде ақша ұрланған. Күдіктілер үйге терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері 4 күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсап, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған, – делінген хабарламада.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.