Әлеуметтік желі парақшасында жазба жариялаған "Дикий Арманның" әйелі Айкөл Аликжанова жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.
Айкөл Аликжанова марқұм енесінің ескі видеосын жариялап, естелігімен бөлісті.
"Мына видеода апулям, Арманым, мен және құрсағымдағы Мариям Медина қызым төртеуіміз... Бұл менің ең сүйікті видеоларымның бірі. Сол бақытты сәттердің бірін видеоға түсіріп алған өзім едім. Бұл жерде біз өте бақытты едік. Үлкен үй сатып аламыз, сол жерде қызымызды бірге өсіреміз деп армандаушы едік.
Алла бізге аз сынақ бермеді. Енемді өте жақсы көрдім. Енем менің қорғаным еді. Қиын сәттегі қолдаушым еді. Оның өмірден өткеніне сене алмастай қиын жағдайдамын.
Оның төсегіне келіп, оны бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Ол бұрынғыдай Мариям екеуімізді күтіп алмайды. Ол кісінің өмірден озғанын әлі қабылдай алар емеспін. Төсегінде сериалын қарап мамыражай жатқандай болады да тұрады. Енемнің денесін өзім жудым. Жас сәбидей иісі аңқып тұрды. Жұма күні кетті. Ол шейіт болды деп үміттенемін. Ол мені қызым дейтін. Мен ол кісінің қызы болғаным үшін бақыттымын. Енем өмірімде маңызы жоғары адамдардың бірі болып қала береді",- деп жазды.