Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап сталкинг үшін қылмыстық жазаның енгізілгенін ескертті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, зорлық-зомбылық қолданылмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін әрекеттер сталкинг ретінде қарастырылады.
Олар:
айтарлықтай зиян келтіріп, адамның жеке шекарасын бұзу;
қайта-қайта телефон соғу;
интернет арқылы бақылаумен қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін тудыру.
Бұдан былай, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жаза қолданылады. Кодексте бірнеше жаза қарастырылған:
200 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 786 400 теңге);
200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары;
50 тәулікке дейін қамауға алу.
Сонымен қатар 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы "Некеге мәжбүрлеу" енгізілді. Енді бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық ретінде танылады.