Енді пойыз кешіксе, билет бағасы толық қайтарылады

Редактор
17.04.2025, 17:18
Енді пойыз кешіксе, билет бағасы толық қайтарылады
Билет сату уақыты да қысқартылды

Теміржолмен сапарлайтын жолаушылар үшін жаңа ережелер енгізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

22 сәуірден бастап Қазақстанда теміржол тасымалына қатысты бірқатар жаңа ереже күшіне енеді. Бұл өзгерістер Көлік министрлігінің теміржол тасымалдау қағидаларына енгізілген.

🔹 Пойыз кешіксе – билет толық қайтарылады
Енді егер пойыз белгіленген уақыттан 1 сағаттан артық кешіксе немесе билеттегі орын бос болмаса, жолаушы жол ақысын толық көлемде және комиссиясыз қайтарып ала алады.

🔹 Билет сату уақыты қысқартылды
Пойыз жолға шыққанға дейін билет бар болғаны 10 минут қалғанда ғана сатылады. Бұрын бұл мерзім 1 тәулікке дейін болатын.

🔹 7 жасқа дейінгі балаларға билет міндетті емес
Ата-аналарға жағымды жаңалық – 7 жасқа толмаған балалар үшін енді жеке билет алу қажет емес. Егер балаға жеке орын қажет болса, билет жеңілдікпен беріледі.

🔹 Балалармен жол жүру тәртібі
7–15 жас аралығындағы балаларға жол ақысына 50% жеңілдік қарастырылған. Ал 15 жасқа толмаған балалар пойызға тек заңды өкілімен немесе сенімхат арқылы отырғызылады. Егер бала ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге болса, сенімхат талап етілмейді.

Жаңа ережелер жолаушылардың қауіпсіздігін, сапарын жоспарлауды жеңілдетіп, тасымалдау сапасын арттыруға бағытталған.