Енді балалар демалыста туристік аймақтарға тегін бара алады

Редактор
20.05.2025, 20:56
Енді балалар демалыста туристік аймақтарға тегін бара алады
Премьер-министр тиісті министрлікке арнайы тапсырма берді

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне балалардың тарихи-мәдени мұра объектілеріне, белгілі туристік аймақтарға баруы үшін әкімдіктердің өңіраралық өзара іс-қимылын үйлестіруді тапсырды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

«Батыс өңіріндегі балаларға еліміздің шығыс аймақтарын көріп-білу қызықты болмақ. Ал оңтүстік облыстардағы оқушылардың солтүстік аймақтарға және керісінше саяхаттап баруын ұйымдастыру қажет. Балалар еліміздің көрікті жерлері мен бай мәдени мұрасын танып-білуге тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мәдениет министрлігіне демалыс кезінде балалардың мұражайларға, театрларға, қорықтарға, ұлттық саябақтарға тегін баруын қамтамасыз ету тапсырылды.