Бұл жайында актриса Жанаргүл Жаныаманова әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, марқұм ұлының ем-домы кезінде жауабын таппаған сұрақтар болған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
«Мәңгілік махаббатымыз! Мәңгілік сағынышымыз! 12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рахмет! Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың, көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің… Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандылықтың үлгісін көрсеттің… Емдеу барысына қатысты көкейімде жауапсыз қалған сұрақтар бар, бірақ “Құдайсыз қурай да сынбайды” демек бұл сынақта Жаратушының бір хикметі бар. Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ. Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз…», – деп жазды актриса Жанаргүл.
Еске салайық, танымал актердің тұңғыш ұлы биылғы маусым айында өмірден өткен еді.