Елімізде күн күрт суытып, үсік жүреді

Редактор
14.04.2025, 14:04
Елімізде күн күрт суытып, үсік жүреді
Атмосфералық фронттардың әсерінен елімізде жауын-шашынды ауа райы сақталады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Атмосфералық фронттардың әсерінен елімізде жауын-шашынды ауа райы сақталады деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бірқатар өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Оңтүстік-шығыста және орталық өңірлерде қатты жаңбыр, ал солтүстікте жаңбырмен қоса қар жаууы ықтимал.

Тек республиканың оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Ел аумағында желдің күшеюі, тұман, сонымен қатар оңтүстік-шығыс, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. 

Оңтүстік-шығыста дауыл соғуы ықтимал.

Күндіз Жетісу облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.