Мәжілісте Цифрлық кодекс талқыланып жатыр. Онда қауіп-қатерлерді басқаруға, ақпаратты қорғауға және киберқауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдер белгіленеді. Киберқылмыспен тиімдірек күресу үшін "Ақпараттандыру туралы" заң "Киберқауіпсіздік туралы" деп өзгертіледі, деп хабарлайды bairaqmedia.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобада цифрлық сәйкестік механизмі – сенімді цифрлық ортаны дамытудың өзін-өзі реттеу механизмі қарастырылған. Сондай-ақ ол стратегиялық маңызы бар және шетелдіктерге берілмейтін ұлттық цифрлық активтер – үкіметтік жиіліктер, дерекқорлар, жүйелер және инфрақұрылым үшін құқықтық негізді нақтылайды.
Негізгі жаңалықтың бірі – цифрлық шешімдердің сапасын, ашықтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үш деңгейлі аудит жүйесі. Олар:
Бұл шаралар сенім мен жауапкершілікке негізделген тұрақты, қауіпсіз және ашық цифрлық экожүйе құруға бағытталған.