Елімізде жалақы мен зейнетақы өсетін болды

Редактор
28 янв. 2025 г., 17:16
Елімізде жалақы мен зейнетақы өсетін болды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жалақы көбейетінін айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Айтуынша, қосымша құн салығы көбейген жағдайда қалған төлемдер де өспек.

«Әрине, қажет болған жағдайда, біз атаулы әлеуметтік көмек, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтеміз», — деді Жұманғарин.

Осыған дейін Олжас Бектенов қосымша құн салығын көтеруді ұсынған еді.