Елімізде әуе апаттарын тергейтін арнайы мемлекеттік орган құрылады

Редактор
19 февр. 2025 г., 15:23
Елімізде әуе апаттарын тергейтін арнайы мемлекеттік орган құрылады

Елімізде көлік оқиғаларын, соның ішінде әуе апаттарын тергеумен айналысатын арнайы орталық құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Вице-министрдің айтуынша жаңа орталық жыл соңына дейін құрылады. Орталыққа жоғары білікті мамандар тартылып, қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

«Авиациялық оқиғаларды тергеу мәселесіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш Қазақстанда 51%-ды құрайды. ИКАО қауіпсіздік бағалауы үшін маңызды 8 критикалық көрсеткіштің бірі болып табылатын бұл параметр ең төменгі деңгейде қалып отыр -деді Ластаев.

Жаңа органның құрылуы ұшу қауіпсіздігін арттыруға және халықаралық стандарттарға сай болуға бағытталған.