Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин Астанада баласын балабақшаға апаратын ата-аналар жұмысқа кешірек бара алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Абулхатин, 8 сағаттық жұмыс кестесінің сақталуы керегін айтады.
Оқу жылы басталған кезде баласын мектепке немесе балабақшаға апаратын әкелер мен аналар үшін икемді жұмыс режиміне көшеді. Олар жұмыс кестесін өздері белгілейді және 9:30-10:00 қарай жұмысқа келулеріне болады. Бұл арнайы заң тетіктерінде қарастырылған. Сәйкесінше кейін кешірек кетеді, – дейді Абулхатин.