Елге келген әр шетелдікке QR-коды бар арнайы карточка беріледі

Редактор
5 февр. 2025 г., 20:34
Елге келген әр шетелдікке QR-коды бар арнайы карточка беріледі

Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көптілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.   

Ақпаратқа сәйкес, порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген. 

QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.  

SafeTravel.kz-те:  

- полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасы, оның ішінде «SOS» функциясы;  

- көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;  

- танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы;  

- ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі;  

- байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме;  

- түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері;  

- жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді.  

Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған, – делінген ІІМ хабарламасында.