Елде өзгеріс болу үшін билікке мықты кадрлар келуі қажет - Жаңбыршин

Редактор
29 янв. 2025 г., 21:07
Елде өзгеріс болу үшін билікке мықты кадрлар келуі қажет - Жаңбыршин

Елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдай жыл сайын қиындап, атқарушы билік кризисті ауыздықтай алмай отыр. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин осындай пікірде, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, биліктегі ескі қалыптан шыға алмайтын адамдар кетпей, ешнәрсе өзгермейді.

Бәрі кадр саясатының әлсіздігінен. Жаңаша ойлай алмайтын, шаблонды-стандартпен жұмыс жасайтын, олигополияның айтқанын шыға алмай солардың сойылын соғатын, жауапкершілікті мойнына алмай тапсырмаларды басқа біреуге ысыруға бейім, ешқандай айтарлықтай нәтиже көрсетпей билікте отырған, әсіресе көптен бері келе жатқан кадрларды ауыстырмай ештеңе өзгермейді, - деді Еділ Жаңбыршин.

Депутат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бізге, ең алдымен, білікті және ел мүддесін ойлайтын отаншыл кадрлар керек. Дәл осындай мамандарды тауып, оларды басшылық лауазымдарға тағайындаймыз» деген шешімін өте дұрыс деп қабылдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, ол кадрларға жұмыс жасау үшін саясат пен экономикада еркіндік беріліп және әртүрлі «топтардың» тарапынан қысым жасалмауы керек. Бір сөзбен айтқанда елде үлкен өзгерістер жасағымыз келсе, МЫҚТЫ КАДРЛАР билікке келуі керек. Оларсыз жобаның бәрі жоба күйінде қала береді, - деп түйіндеді сөзін Мәжіліс депутаты.