Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» экстремистік топ құрудың ауыр қылмыс саналатынын ескертеді, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Осы орталықтағы мамандандардың айтуынша, қазіргі заманда экстремизм әлемдік деңгейде ең қауіпті құбылыстардың біріне айналды. Әсіресе, әлеуметтік желілер мен интернеттің дамуы қоғамдағы радикалды идеялардың таралуына жол ашты. Қазақстан да бұл қауіптен тыс емес. Сол себепті, еліміздің құқық қорғау жүйесі экстремизмнің алдын алу мен онымен күресті заңнамалық тұрғыдан қатаң бақылауда ұстайды. Мамандар соның айғағы – ҚР Қылмыстық кодексінің 182-бабы екенін, онда экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысуға қатысты жауапкершілік нақты көрсетілгенін ескертеді.
182-баптың мақмұны мен маңызына тоқталсақ:
1) Экстремистік топ құру және оған басшылық ету, бұл іс-әрекет аса ауыр қылмыс саналады. Мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады;
2) Экстремистік топтың әрекетіне қатысу. Топты құрмаған, бірақ оның қызметіне қатысқан тұлғалар да жауапқа тартылады. Мүлкі тәркіленіп, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Кез-келген қатысу – қолдау көрсету, ақпарат тарату немесе қаржылай жәрдем де қылмыс деп саналады;
3) Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып, не қоғамдық бірлестік лидері жасаса жаза ауырлайды. 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, лауазым атқару құқығынан айыру, қажет болған жағдайда азаматтығынан айыру көзделген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіндегі 182-бап экстремизммен күрестегі негізгі құқықтық құралдардың бірі. Бұл баптың қатаңдығы мемлекеттің экстремизмге деген ымырасыз көзқарасының айқын дәлелі. Ескерту: Экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерінде егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса қлымыстық жауаптылықтан босатылады, - деп делінген Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» жариялаған видеода.