Екібастұзда тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен мектеп оқушысы қаза тапты, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні кешкі сағат 20:00 шамасында қаланың 8-шағынауданында, Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің маңында болған. Бала алған ауыр жарақатынан көз жұмған.
Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін куәгерлерді іздеп жатыр. Олар тұрғындардан бейнебақылау камералары мен көлік тіркеуіштеріндегі жазбаларды ұсынуды сұрады.
Екібастұз қалалық полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.