Екібастұзда ер адам тоғыз қабатты үйдің шатырынан секірмек болған

Редактор
31.05.2025, 14:45
Екібастұзда ер адам тоғыз қабатты үйдің шатырынан секірмек болған
Оқиға кеше сағат 19.30 шамасында болған

Павлодар облысында полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 19.30 шамасында болған. Екібастұзда ер адам 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған жерінен құтқарылды.

Патрульдік полицейлер қызмет барысында Мұхтар Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды, – делінген хабарламада.

Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.