«Екі рет адам өлтірген»: 6 жыл тергеуден жасырынған күдікті Қырғызстанда ұсталды

Редактор
26 февр. 2025 г., 23:18
«Екі рет адам өлтірген»: 6 жыл тергеуден жасырынған күдікті Қырғызстанда ұсталды
Күдікті УҰИ-ға қамалды

6 жылдан астам уақыт адам өлтіргені үшін тергеуден жасырынған күдікті Қырғызстанда ұсталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ҚР ІІМ және Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижесінде 33 жастағы азамат Бішкек қаласында ұсталды. Ол 2018 жылы Балқаш қаласында екі рет кісі өлтіргеннен кейін сот төрелігінен жасырынған.

 Күдікті УҰИ-ға қамалды. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.